Ақтөбе әкімдігі үйі өртенген отбасыға көмек көрсетуде

Ақтөбе әкімдігі үйі өртенген отбасыға көмек көрсетуде
09.03.2019 Мемлекеттік басқарма

9 наурыз, сенбі күні өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің және шаһар басшысы Ілияс Испанов Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралап жүрген кезінде АЗФ ауданындағы бау-бақша ұжымында қиын жағдай орын алғаны жеткізілді.

Сағат таңғы 10-да бау-бақша учаскесінде алаңы 80 шаршы метр болатын үй жанды.

Өрт сағат 10.42-де төтенше жағдайлар департаментінің күшімен ауыздықталып, сағат 11.04-те жойылды. Оған 11 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды. 16 жастағы жасөспірім газбен уланды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталуда.

Өрт жағдайымен танысқан облыс әкімі Ақтөбе қаласының әкімдігіне зардап шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетілуі тапсырылды. Сол үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Үйі өртенген жандарға уақытша баспана, азық-түлік, жылы киімдер, бірінші кезекте қолданатын заттар беріліп, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын, 2018 жылы қазан айында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аулаларды аралап шығу кезінде аталмыш отбасыға өртке қарсы қауіпсіздік нұсқалығын жүргізген.