«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ хабарлайды

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ хабарлайды
06.11.2018 Мемлекеттік басқарма

Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе қаласы әкімдігі бір бөлмелі пәтерлерді сатып алу мүмкіндігін ұсынады.

Пәтерлер «НұрАқтөбе» ықшам ауданында орналасқан, 500 данада, пәтерлердің ауданы 32 ш.м мен 54 ш.м аралығын құрайды, таза әрлеуде пәтердің бір шаршы метрі 100 000 тг-ден 120 000 тг-ні құрайды.

Егер кезектегі азаматта тұрғын үй құнының 10%-ы болған жағдайда, қалған 10%-ы мемлекеттен кейінгі 5 жыл ішінде пайыссыз бөліп төлеп қайтару негізінде берілетін болады (мысалы, 45 ш.м пәтердің құны 4 950,0 мың тг құрайтын болса, мемлекеттік бюджеттен 495,0 мың тг бөлінетін болады, ал қарыз алушы азамат бұл қарызды 5 жыл ішінде ай сайын 8 250 тг төлеп қайтаратын болады).

Атап өтетін жайт, бұл несиелі баспана, сол себепті бағдарламаға тек жұмыс жасайтын тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар қатыса алады.

Ағымдағы жылдың 6 мен 9 қараша айында Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкімен бірлесе Халықтық кеңседе бағдарламаға қатысу үшін арыздар қабылданатын болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

Жеке куәлік

Меншік құқығына тиесілі үй-жайдың бар/жоқтығы туралы анықтама (Халыққа қызмет көрсету орталығынан)

Соңғы 6 ай аударым тізімі (зейнетақы аударымдары Халыққа қызмет көрсету орталығынан).