Ақтөбе қаласының сайлаушылары назарына!
29.12.2020 Жалпы

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауы өткізілуіне байланысты, қалалық аумақтық комиссиясы Ақтөбе қаласында  162 сайлау учаскелері жұмыс жасайтындығын естеріңізге салады. Сайлау учаскелерінің шекаралары, орналасқан орындары және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2020 жылдың 31 қазандағы №121 сандарында жарияланды. Сайлаушылар тізімдеріне сайлау учаскелерінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтар енгізіледі. Сәйкесінше сайлау комиссияларының жайларында азаматтардың сайлаушылар тізімдерімен танысуына болады. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы әкімдігінде сайлаушылар тізіміндегі азаматтарды енгізу немесе түзету, сайлау учаскелері орталықтарының орналасқан жерін нақтылау және қажетті ақпараттар беретін Call-орталық жұмыс жасауда.Call-орталықтың жұмыс уақыты демалыссыз, сағат 09.00-18.30 дейін, телефон нөмері 44-55-44, электрондық поштасы aktobe@akto.kz. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының тұрғындары өз учаскесін Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтында https://sailau-akt.kz сілтемесі арқылы және Telegram мессенджері t.me/AкtobeSailauBot арқылы анықтауға болады.

Құрметті сайлаушылар, Сіздерді сайлауға белсене  қатысуға шақырамыз!