«Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

«Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
12.03.2018 Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2013 жылғы 18 қыркүйектегі     № 983 қаулысымен   бекітілген  тізілімге сәйкес, «Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де баламалы түрде «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі  көрсетіледі.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі мемлекеттік органда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және  ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы алуға болады.  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген, «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» стандартына сәйкес: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама алу үшін талап етілетін құжаттар тізімі:     

1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға:

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша өтініш;

2) порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. 

Көрсетілетін қызметті берушіге,  Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
3)   қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

Сонымен қатар, округ әкімшілігінде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы анықтама алу мүмкіншілігі бар, сол үшін арнайы ғаламторы бар компьютермен және қағаз шығаратын құрылғымен жабдықталған электрондық қызмет бұрышымен қамтамасыз етілген.