Ақтөбе қаласының көшелеріне атау беру туралы Ақтөбе тұрғындарының назарына!

Ақтөбе қаласының көшелеріне атау беру туралы Ақтөбе тұрғындарының назарына!
23.05.2018 Мемлекеттік басқарма

Құрметті ақтөбеліктер , қала тұрғындары! 

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы атаусыз көшелерге атау беру және қайта атау мәселесі бойынша ұсынылған атаулар сараланды. 

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы қорытындысына және Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының өткізілген көпшілік тыңдауының хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімімен атаусыз 157 көше жаңадан атау алып, 26 көше қайта аталды. 

Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жаңадан атау алған көшелер тізбесімен, орналасқан мекенжай картасы ұсынылады.