Ақтөбе қаласының әкімі Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақтың жұмысын тексерді

Ақтөбе қаласының әкімі Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақтың жұмысын тексерді
25.07.2019 Жалпы

Аумақты аралау барысында жасыл желектерді суару бойынша кемшіліктер анықталды. Шаһар басшысы Мавр Абдуллин саябақтың әкімшілігіне ескерту жасап, қателіктерді дұрыстауға толық 10 күн берді. Сондай-ақ, әкім тиісті дейңгейде бақылау жүргізбеген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жұмысын сынға алды.  Бұдан басқа, әкім фонтандардың жұмыс істемегенін көріп, наразы болды. Өз жұмысына салғырт қараған жауапты мамандарды сынады. Қала әкімі өзінің жаңа орынбасарына Жангелді Әубәкіровке Ақтөбе қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша міндеттерін орындамаған мердігерлерге қатаң шара қолдануға тапсырма берді.