Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдуллиннің өкімімен «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы болып меритократия принципі бойынша СЕРІКБАЕВ ӘЛІБЕК МҰРАТҰЛЫ тағайындалды

Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдуллиннің өкімімен  «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және  қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы болып меритократия принципі бойынша СЕРІКБАЕВ ӘЛІБЕК МҰРАТҰЛЫ тағайындалды
29.10.2019 Мемлекеттік басқарма

Ә.М. СЕРІКБАЕВ 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақстанның көпсалалы «Парасат» институтын жерге орналастыру және кадастр бакалавры біліктілігі бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын экономист біліктілігі бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін заңгер біліктілігі бойынша аяқтаған.

Облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бас маманы, «Асем» ЖШС менеджері, Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы,  «Ақтөбе-Геозем» МКҚК маманы, Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,  «Sand Company» ЖШС директорының орынбасары, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы,  бөлім басшысы, Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының орынбасары,  «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ әкімшілік-құқықтық секторының меңгерушісі-мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.