Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдуллиннің өкімімен «Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлім» басшысы болып меритократия принципі бойынша ҚУАНТАЙҰЛЫ ҚАЙРАТ тағайындалды

Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдуллиннің өкімімен  «Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлім» басшысы болып меритократия принципі бойынша ҚУАНТАЙҰЛЫ ҚАЙРАТ тағайындалды
14.10.2019 Мемлекеттік басқарма

Қ. ҚУАНТАЙҰЛЫ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін экономист біліктілігі бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін құқық бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің экономика және басқару кафедрасының оқытушысы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының жетекші маманы, Ақтөбе облысы қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы,   «BNB Construction» ЖШС инспекторы, «Батыс Регион Транс Сервис» ЖШС директорының орынбасары, Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бас маманы,  Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының бөлім басшысы, «Локомотив» АҚ бас маманы, Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, «Ақбұлақ» АҚ экономисті, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының эксперті, «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.