Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдулиннің өкімімен қала әкімі аппаратының басшысы болып ТҰРҒАМБЕКОВ НҰРЖАУ ОРЫНБАСАРҰЛЫ тағайындалды

Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдулиннің өкімімен  қала әкімі аппаратының басшысы болып ТҰРҒАМБЕКОВ НҰРЖАУ ОРЫНБАСАРҰЛЫ тағайындалды
13.08.2019 Мемлекеттік басқарма

Н.О. ТҰРҒАМБЕКОВ 1976 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Мемлекеттік Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін тарих пәнінің мұғалімі біліктілігі бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін экономика және бизнес бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған. 

№2 Ойыл кәсіптік техникалық лицейінің, Екпетал негізгі мектебінің, Ойыл қазақ орта мектебінің мұғалімі, Ойыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы, Алға ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі болып жұмыс атқарды.