Ақтөбе қаласының әкімі көпбалалы аналарға «Алтын алқа»,«Күміс алқа» алқаларын табыс етті

Ақтөбе қаласының әкімі көпбалалы аналарға «Алтын алқа»,«Күміс алқа» алқаларын табыс етті
15.06.2019 Жалпы

Бүгін, 2019 жылғы 15-маусымда «Анаға тағзым» ғимаратында Ақтөбе қаласы әкімі Ілияс Испанов 22 көпбалалы анаға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларын табыс етті. Олардың екеуі 7 баланы дүниеге әкелген болса, қалғандары 6 баладан  өсіріп отыр. Қала әкімі  көпбалалы аналарды алған наградаларымен шын жүректен құттықтап, ана-әйелдің бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін атап өтті. Әйелдерге және олардың отбасыларына шын ниетпен зор денсаулық, отбасылық бақыт және игілік тіледі.   «Отбасы — шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы жарасқан, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт-берекесі. Ана — отбасының жылуын сақтаушы, сондай-ақ қоғамның ертеңі — балаларды тәрбиелеушісі, Сіздерге тек қана денсаулық, берекелі өмір тілеймын» - деді қала басшысы өз сөзінде. Барлық аналарға отбасылық дастарқанға сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 7 223 көпбалалы аналар тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1260,  «Күміс алқа» иегерлері – 1667, «Батыр ана» - 265, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі –300, төрт және одан да көп балалары бар аналар – 3736.