Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді
05.02.2019 Мемлекеттік қызметтер

2019 жылғы 5 ақпанда қалалық «Геолог» Мәдениет үйінде Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың  «Қаланың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2019 жылға қойылған міндеттер туралы» Есебі қала әкімінің қала тұрғындарымен есептік кездесуінде тыңдалды.Сондай-ақ олтұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап беріп, пікір, ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың 2018 жыл бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты бойынша, ауылшаруашылығы саласы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытындағы және әлеуметтік салада атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Сондай-ақ бүгін Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Алмаз Әлімбаевтың тұрғындар алдындағы қорытынды есебі тыңдалды. Ол сонымен қатар, қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

Кездесуге қала тұрғындары және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан өкілдер қатысты.