Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов 2018 жылы жасалған жұмыстар бойынша есеп берді, 2019 жылға жоспарлар жөнінде баяндады

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов 2018 жылы жасалған жұмыстар бойынша есеп берді, 2019 жылға жоспарлар жөнінде баяндады
08.02.2019 Мемлекеттік басқарма

2019 жылғы 8 ақпанда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың  «Қаланың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2019 жылға қойылған міндеттер туралы» Есебі қала әкімінің қала тұрғындарымен есептік кездесуінде тыңдалды.Тұрғындармен кездесу барысында қала әкімі тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап беріп, пікір, ұсыныстарын тыңдады.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Қайнарбеков Асхат Қанатұлы, Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы қатысты.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың 2018 жыл бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты бойынша, ауылшаруашылығы саласы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытындағы және әлеуметтік салада атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Кездесуге қала тұрғындары және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан өкілдер қатысты.