Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппараттық мәжіліс өткізілді

Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппараттық мәжіліс өткізілді
11.02.2019 Мемлекеттік басқарма

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Қала әкімінің тұрғындармен кезекті есептік кездесуінде көмектесуін өтінген бірнеше көпбалалы аналарға демалыс күндері қала басшысы арнайы барып, кездескені белгілі. Олар өздерін толғандырған мәселерді қозғаған болатын. Бұл жөнінде қала әкімі аппараттық мәжілісте тиісті мекеме басшыларының тапсырмаларды орындалу барысын қадағалап, сұрады. Арнайы құрылған жұмыс тобына, жауапты адамдарға нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ аппараттық мәжілісте азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауға қатысты жұмыс тобының жұмысы жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, коммуналдық мекемелермен  тарифтерге қатысты, жолдарды салу және жөндеу мәселелері, тұрғын үй алқабында, әсіресе, саяжай мекенжайларында тұратын азаматтардың өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы маңызды мәселелер талқыланды.