Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппараттық кеңес өтті
12.11.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдулиннің төрағалығымен әкім орынбасарлары, бөлім басшылары және аппарат бөлім басшыларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңес отырысында келесі мәселер талқыланды :  Ақтөбе қаласы әкімінің есептік кездесулері кезінде келіп түскен өзекті мәселелердің іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысы туралы; Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы; Ақтөбе қалалық әкімдігінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуы туралы мәселері талқыланды. Кеңес барысында М. Абдуллин тиісті мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді. «Қала тұрғындарының өтініші бойынша тапсырмалар жедел, уақытында орындалуы керек», - деді қала әкімі М.Абдуллин өз сөзінде.  Сондай-ақ ол цифрландыруға қатысты жұмыстарды жеделдетуді, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауын және қала мектептеріндегі жасөспірімдердің кешкі уақыттарда қылмыстық істерге бармауын қадағалап, алдын алу шараларын, рейдтерін қоғам белсенділерімен, депутаттармен бірлесіп жүргізуді талап етіп, тапсырмалар берді.