Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппараттық кеңес өтті
24.06.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен әкім орынбасарлары бөлім басшылары және аппарат бөлім басшыларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңес отырысында келесі сұрақтар талқыланды :  

1. Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде жобаларды жүзеге асыру туралы.

2.2019 жылы қала мектептерінде, қосымша білім беру мекемелерінде, балабақшаларда, спорт мектептерінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.

3.Тұрғын үйлердің және инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысына жобалық смета құжаттарын дайындау және оларды жоспар бойынша іске асыру туралы.

4. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіштері, кіріс және берешегі туралы.      

5. Орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар және 2019 жылғы суға түсу маусымына дайындық туралы.

6.Құрылыс саласындағы өзекті мәселелер туралы айтылды. Кеңес соңында қала әкімі І.Испанов тиісті мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.