Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппараттық кеңес өтті
13.05.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен әкім орынбасарлары бөлім басшылары және аппарат бөлім басшыларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Кеңес отырысында келесі сұрақтар талқыланды : 

1. 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық болжам туралы, кірісті жүзеге асыру арқылы дамыту, салық салу базасын кеңейту жайында.

2. ҰБТ-ға дайындық барысы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы.

3.Қаланың санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша өткізіліп жатқан екі айлық жұмыстың барысы туралы.

4. 28-мамыр - Ақтөбе қаласының күнін атап өтуге қатысты.

5. Сайлауға дайындық және өткізуге дайындық барысы туралы.

Осы мәселелер бойынша қала әкімі тарапынан жауапты адамдарға нақты тапсырмалар берілді.