
Ақтөбе қаласының әкімдігі Құрбан айт күндері қаламыздағы құрбандық шалатын орындарды назарларыңызға ұсынады. Ақтөбе қаласындағы мешіттер маңында құрбандық шалынбайтындығын ескертеміз. 21 тамыз таңғы сағат 07:30-дан бастап 23 тамыз күні ақшам намазына дейін осы көрсетілген орындарда құрбандықтарыңызды шалуға шақырамыз! Айт намазы 21 тамыз күні Ақтөбе облысындағы мешіттерде 07:00-де оқылады. Құрбан айт намазынан бұрын шалмауларыңызды сұраймыз. Өйткені, айт намазына дейін шалынған мал құрбандық болып есептелмейтіндігін хабарлаймыз. Биыл құрбан айт 21-23 тамыз аралығында тойланады.
Мал сою орындары:
1. «Тандем» ЖШС – Қобда тас жолының бойы, қаланың оңтүстік-батыс ауданы (тек қана ірі қара мал үшін);
2.«Кіші құм» шаруашылық қожалығы – Мағаджан шаруа қожалығы;
3.«Айбек» АТК – 41 разьезд;
4.«Есік» ет комбинаты – мал базары;
5.»Касымов и К» ЖК — Жаңақоныс ауылы.