«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі»  ММ басшысы болып  НҰРМҰХАНБЕТОВ АМАНБАЙ ШАҒЫЛБАЙҰЛЫ тағайындалды
06.01.2020 Мәдениет және спорт

А.Ш. НҰРМҰХАНБЕТОВ 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік  университетін кәсіптік жоғары білімді дене тәрбиесі оқытушысы біліктілігі бойынша, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік  университетін құқық біліктілігі бойынша аяқтаған.

Абай атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі,«Груп 4 Секуритас Казахстан» ЖШС күзетшісі, Кеңкияқ орта мектебінің дене тәрбиесі нұсқаушысы, Темір аудандық әдістеме орталығының әдіскері, Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы, Ақтөбе қаласы БЖСМ директордың орынбасары, ОРМБЖСМ директордың орынбасары, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Темір ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды.