Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 150 көшет отырғызылды

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 150 көшет отырғызылды
13.04.2019 Жалпы

2019 жылғы 13 сәуірінде Ақтөбе қаласы Батыс-2 шағын ауданында орналасқан Орынбор облысының аллеясында​ Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен білескен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай “Құтты мекен Ақтөбе - жасыл қала" атты кең ауқымды акция өткізілді. Сенбілікке Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қалалық маслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова, қалалық маслихат депутатары қатысты.  300 жастың қатысуымен 150 көшет отырғызылды. Акцияға қала әкімдігі мен Ақтөбенің жастары белсене қатысты.