Ақтөбе қаласында жалпықалалық сенбіліктер жалғасуда

Ақтөбе қаласында жалпықалалық сенбіліктер жалғасуда
18.05.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі қызметкерлері қаладағы Бершүгір көшесін тазаласа, Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің 47 қызметкері Сәңкібай көшесі - Бөгенбай батыр көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі аралықты тазалап, 49 кг қоқыс жинады. “Ақтөбе қаласының Ішкі саясат бөлімі” ММ қызметкерлері қаладағы Бершүгір көшесін тазаласа, “Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі” ММ 47 қызметкері Сәңкібай көшесі - Бөгенбай батыр көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі аралықты тазалап, 49 кг қоқыс жинады. «Ақтөбе қаласының азаматтық xал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нен 21 қызметкер көшелер бойын тазаласа, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі” ММ-і қызметкерлері мен мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер бойынша - 81 мектептен 4747 адам, 46 мектепке дейінгі балабақшадан 1317 адам, 15 мектептен тыс мекемеден 256 адам сенбілікке қатысып, 35 тонна қоқыс жинады. “Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-і мен «Трансэнерго» АҚ қызметкерлері де қаланың өндірістік аймағындағы - «Агран» ЖШС-нен қоқыс полигонына дейінгі аралықты тазалады.