Ақтөбе қаласында тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережесінің жобасын талқылауға шақырамыз

Приглашаем к обсуждению проекта «Правила содержания жилищного фонда в городе Актобе»
13.12.2017 Жалпы

Құрметті Ақтөбеліктер! Қабылданатын құжаттардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, «Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» Сіздерді «Тұрғын үй қорын күтіп ұстау» жобасының тыңдалымына келіп өз ескертулер мен ұсыныстарыңызды айтуға шақырамыз.

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы Х.Ермашев айтқандай  Ақтөбе қаласында бұл ереже алғаш рет қабылданғалы тұр. Бұл ереженің ең басты мақсаты тұрғын үй қорын күтіп ұстаудың жолдарын жақсарту.

Ережемен 13,14 желтоқсандағы облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің басылымдарынан және Ақтөбе қаласының әкімшілігінің www.akt.gov.kz ресми электронды парақшасынан таныса аласыздар.
Ереже бойынша өз ескертулер мен ұсыныстарыңызды «Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не Т.Ахтанов көшесі 50, 49 кабинетке 41-63-89 қала телефонына немесе, aktobe_inspek@mail.ru электронды поштасына, zhilinspek_aktobe instagram әлемеуметтік желісі арқылы білдіре аласыздар.

Қала тұрғындарымен, депутаттармен, қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен, кәсіпкерлермен тыңдау жұмыстары аяқталғаннан кейін, аталмыш ереже қалалық маслихат сессиясында бекітілетін болады. 

Жүктеу Тұрғын үй қорын күтіп – ұстау ережелері(жүктеу)