Ақтөбе қаласында «Туған жер туған ауладан басталады» атты бағдарлама өтеді

Ақтөбе қаласында «Туған жер туған ауладан басталады» атты бағдарлама   өтеді
15.05.2018 Қоғам

2018 жылдың 15 мамырынан  1 қыркүйек аралығында  Ақтөбе қаласында көппәтерлі тұрғын үй аулаларын кешенді жетілдіру мақсатында «Туған жер туған ауладан басталады» атты бағдарлама жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аумақты абаттандыру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстарына қала тұрғындарының белсенділігін арттыруға және ересектер мен балаларға арналған  демалыс орындарының қауіпсіздігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады.

1. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады:

1.1 Бірінші кезеңде келесідей өлшемдерге сәйкес келетіндей кондоминиум объектілерінің басқарушы органдары қатыса алады:
- кешенге кіретін кондоминиум объектілерінде мемлекеттік тіркеудің болуы – 1 ұпай;
-бағдарламаға қатысу туралы бір аулаға енетін объект кондоминиумының ортақ келісімі, қатысушылары арасындағы меморандумға қол қоюға жауапты тұлғаны көрсете отырып және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген хаттамасының болуы – 1 ұпай;
- екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы – 1 ұпай;
- тұрғын  үй ауласының  жағдайы (орындықтар, қоқыс, кіреберіс есіктері және көгалдандыру) – 1 ұпай;
- аулалық кешенге кіретін кондоминиум объектілерінде (көп пәтерлі үйлер) жылу энергиясын және суық сумен жабдықтауды өлшеу құрылғысының болуы – 1 ұпай;

1.2 Бірінші кезеңде 5 ұпай жинаған бағдарламаға қатысушылар, балалар ойын алаңын орнату немесе аула аумағын асфальттау қарастырылған  және екінші кезеңге қатысуға мүмкіндік беріледі.

2. Екінші кезеңде қатысушылар келесі өлшем бойынша бағаланады:

- кондоминиум объектісінде бейнебақылау камераларының болуы – 1 ұпай;
- кіреберістің эстетикалық жағдайы (санитарлық жағдай, сырланған терезелер, пошта жәшіктерінің болуы, хабарландыру стенділері және т.б.) – 1 ұпай;
- тұрғын үй ауласының жобасы (жоспар-схема), көгалдандыру, автотұрақ, суағар – 1 ұпай;
- CityPost.kz сайтында тіркелу (тоқсандық есеп, тұрғындарға хабарландыру, жеке деректерді толтыру) – 1 ұпай;
- бірыңғай төлем құжаты бойынша келісім-шарттың болуы – 1 ұпай;
- кондоминиум объектісін күтіп ұстауға қызмет көрсету үшін сервистік компанияларымен келісім шарттың болуы – 1 ұпай;

2.1 Екінші кезеңде 3-5 ұпайға жиналған бағдарламаның қатысушылары, ауланың аумағын асфальттауды, бейне бақылау немесе кіреберіске қозғалыс датчиктерімен қамтылған LED жарықтандыруды таңдайды;

6 ұпай жинаған бағдарламаға қатысушылар, ауланың аумағын асфальттаумен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ бейнебақылау және кіріктірме қозғалыс датчиктерімен қамтылған LED жарықтандырулары орнатылады.

Қатысушылар ақпаратты Ақтөбе қаласы Т.Ахтанов көшесі 50, № 50 кабинетке «Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарына қағаз түрінде қолма-қол тапсыруға немесе aktobe_inspek@mail.ruэлектрондық поштаға жіберуге болады.
Байланыс телефондары: 41-63-89, 41-63-90