Ақтөбе қаласында төрт жерде тұрғындарды қабылдау жалғасуда

Ақтөбе қаласында төрт жерде тұрғындарды қабылдау жалғасуда
11.02.2019 Мемлекеттік қызметтер

11-13 ақпан күндері аралығында Ақтөбе қаласында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізілуде. Қабылдаудың алғашқы күнінде өздерін мазалаған сұрақтарымен бірнеше ондаған қала тұрғындары арнайы жұмыс тобымен кездесіп, сауалдарын жолдады.                        

Бүгінде, халықтың өзекті мәселелерін шешу, оларды кеңінен зерттеу үшін үкімет тарапынан комиссия құрылғаны белгілі. Біздің облыста барлық сала мекемелерінің басшылары енген штаб та жұмыс істейді. Ал, қабылдауға келген азаматтардың сұрақтары да сарапталып, шешу жолдары айқындалатын болады. Бүгін қала әкімі Ілияс Испанов жеке сұрақтарымен тұрғындарды қабылдады, олардың қойған сауалдарына жауап берді.

Алдағы екі күнде де тұрғындар сұрақтарымен қаланың төрт жерінде орналасқан қабылдауға бара алатынын тағы ескертеміз:       

1).Сәңкібай батыр даңғылы, 249, «Халықтық кеңсе»;

2).Т.Ахтанов көшесі, 52, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры;

3).Сәңкібай батыр даңғылы, 145 «б», «Астана»ауданының әкімдігі ғимараты;

4).Қарғалы тұрғынжайы, Октябрьдің 60 жылдығы көшесі, 70 «б», Алматы ауданының әкімдігі.

Қабылдау уақыты сағат 10.00-18.00 аралығында.