Ақтөбе қаласында сенбілік өткізіліп, көшеттер отырғызылды

Ақтөбе қаласында сенбілік өткізіліп, көшеттер отырғызылды
20.04.2019 Жалпы

2019 жылғы 20 сәуірде Тұңғыш Президент атындағы саябақта облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен тал отырғызу іс-шарасының жалпы республикалық акциясы өткізілді. Облыс бойынша бұл күні 40 мыңнан астам, қала бойынша 10 мың көшет отырғызылды. Айта кету керек,  қаламызда екі айлық тазалық сенбіліктері жалғасып жатқаны белгілі. Ақтөбеліктерді осынау игі шараға атсалысуға шақырамыз, тазалықты әуелі өзімізден бастайық, сүйікті қаламыз өсе берсін, өркендей берсін!