Ақтөбе қаласында Орынбор облысының күндері өткізіледі

Ақтөбе қаласында Орынбор облысының күндері өткізіледі
16.05.2018 Мәдениет және спорт

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!

18-19 мамырда Астана қаласының 20 жылдығы аясында Ақтөбе қаласында Орынбор облысының күндері өткізіледі!
Қаламыздың түрлі алаңдарында орынборлықтар экономикалық, білім беру, медициналық жобаларын ұсынады, мәдени және спорттық шараларды өткізеді. 

Презентациялар, мәдени-ағартушылық және спорттық шаралар, көрмелік және сауда-жәрмеңкелік жобалар, хаттамалық кездесулер,  өзара бірлескен шаралар кешені Ақтөбе және Орынбор облыстарының арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ Орынбордың экономикалық, гуманитарлық, мәдени әлеуетін көрсетеді.

18 мамыр

14.00-18.00 – Жылжымалы диагностикалық қондырғымен таныстыру, тұрғындарды тегін қабылдау («Тұңғыш Президент атындағы саябақ»);
19.00 – Орынбор Мюзиклі облыстық театрының «Дубровский» музыкалық комедиясы («Өнер орталығы»);

19 мамыр

09.00-12.00 – Жылжымалы диагностикалық қондырғымен таныстыру, тұрғындарды тегін қабылдау («Тұңғыш Президент атындағы саябақ»);
12.00 – Ақтөбе облысындағы Орынбор облысы күндерінің салтанатты ашылуы («Тұңғыш Президент атындағы саябақ»);
12.00 – 16.00 – Орынбор облысының өнер ұжымдары мен орындаушыларының мерекелік концерттік бағдарламасы («Тұңғыш Президент атындағы саябақ»);
12.00-16.00 – Орынборлық шеберлердің қолданбалы өнер шығармашылық көшесінің «Казачья станица» жұмысы («Тұңғыш Президент атындағы саябақ»);
12.00-17.00 – Орынбор облысы тауарларының жәрмеңке-көрмесі («Тұңғыш Президент атындағы саябақ»);
12.30 – дойбы, гір спорты және самбо спорт түрлерінен сайыстар («Тұңғыш Президент атындағы саябақ»);
12.00-16.00 – Каллиграфия, сауыт киімдерін тоқу, балауызға жазу, қыш-құмыра жасау және түбіт тоқудан шеберлік-классы («Тұңғыш Президент атындағы саябақ»);
15.00-19.00 – Көркемсурет өнері музейінің, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, өлкетану музейі және дизайнерлердің көрмесі («Өнер орталығы»);
15.00-19.00 – «Шығыс-Батыс» көрмесі (орта кәсіптік білім беру мекемелерінің киім үлгілері және постижер туындылары) («Өнер орталығы»);
17.00 – Орынбор облысы өнер шеберлерінің Гала-концерті («Өнер орталығы»);

Жіберіп алмаңыздар! Сіздерді күтеміз!