Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады

Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады
07.11.2018 Жалпы

Өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Ауылшаруашылығы жәрмеңкесінде Ақтөбе халқына Қызылорда облысының 40-қа жуық тауарөндірушілері 150 тоннадан аса өнім түрлерін  ұсынатын болады.

Оның ішінде: күріш – 60 тонна, жылқы, сиыр, қой еті – 1 тонна, сүт өнімдері – 4 тонна, 1 тоннадан аса ара балы, балық - 12 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 45 тонна, сөк, талқан – 1 тонна, бақша дақылдары (қауын, қарбыз, асқабақ) 25 тонна, т.б. өнімдер ұсынылады.

Жәрмеңке а.ж. 10 қараша күні «Әлия» сауда базарының алдында өткізіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге келіп қажетті азық-түлік тауарларын тиімді бағамен алуға шақырамыз.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі