Ақтөбе қаласында әкім шыршалары өтуде

В Актобе проходят елки акима города
22.12.2017 Қоғам

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көпбалалы, аз қамтылған отбасындағы, мүмкіндігі шектеулі, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған дәстүрлі қала әкімінің жаңа жылдық шыршалары өтуде. Жалпы әлеуметтік-қорғалған топтардың балаларына арналған 6 әкім шыршасы өтеді.

Бүгін «Жекпе-жек» Сарайында қала әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен жаңа жылдық мереке өткізілді. Оған көпбалалы, аз қамтылған отбасындағы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 250 балалар қатысты.

Карнавалды костюм киген балаларға арнап театрландырылған ертегі қойылым ұсынылды. Оларды Аяз ата мен Ақша қар, ертегі кейіпкерлері, әншілер мен бишілер қарсы алды. 

Мереке қонақтарын қала әкімі Ілияс Испанов құттықтап, оларға денсаулық, оқуда озат болуларын тіледі. Қала басшысы балалар өздерінің оқуда, спортта және шығармашылықта ең өршіл жоспарларын жүзеге асыратынына, Қазақстан Республикасының беделді азаматтары болуларына сенімділік білдіріп, 2018 жыл барлық мақсат пен талаптардың орындалуын тіледі.

Мерекелік соңында жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.