Ақтөбе қаласында баскетболдан «Ақтөбе мектеп лигасының» жабылу салтанаты өтті

Ақтөбе қаласында баскетболдан «Ақтөбе мектеп лигасының» жабылу салтанаты өтті
26.01.2019 Мәдениет және спорт

Ақтөбеде қаламыздың 150-жылдығына орай ұйымдастырылған баскетболдан «Ақтөбе мектеп лигасының» жабылу салтанаты өтті. 

Қазіргі таңда «Мектеп лигасы» жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында кең қолдауға ие, білім мекемелерінде баскетбол, футбол, волейбол, гандбол, шахмат және жеңіл атлетика секілді спорт түрлерінен «Ақтөбе мектеп лигасы» өтіп жатыр. Жалпы мектеп лигасы 15000-нан астам оқушыны қамтып отыр. 

Ал гір спорты, асық ату, тоғызқұмалақ, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен қала біріншіліктерін өткізу ақпан-наурыз айларында өткізу  жоспарланған.

 Айта кетк керек, баскетболдан «Ақтөбе мектеп лигасы» 2018 жылдың желтоқсан айында басталған еді.

Шараның басты мақсаты – Ақтөбе қаласында баскетбол спортын дамыту, оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру және балалардың бос уақытын тиімді пайдалану.

Қала мектептерінің 7, 8, 9 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып жатқан шараға 127 команда қатысты, оның ішінде: 59 -қыздар және 68  - ер балалар командасы.  

Финалдық кезеңге 20 команда шықты, оның ішінде - 10 қыздар және 10 ер балалар командалары.  

26 қаңтарда Лиганың жабылуына орай, жеңімпаз командалар марапатталды. Оған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Құттықтау сөз облыс басшысы - Б.Сапарбаевқа берілді. Облыс, қала басшылары жеңімпаздарды арнайы кубоктармен, Алғыс xаттармен марапаттады.