Ақтөбе қаласы жұртшылығы президенттің бастамасын қолдайды

Ақтөбе қаласы жұртшылығы президенттің бастамасын қолдайды
12.03.2018 Жалпы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 наурызындағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында бүгін қала әкімдігінің ғимаратында қала әкімі І.Испановтың төрағалығымен қала активінің отырысы өткізілді.
Отырысқа қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округтер әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың басшылары, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері қатысты.

Отырыстың мақсаты – Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылау.

Отырыс барысында қала әкімі Испанов Ілияс Сапарбекұлының, «ҚР Бейбітшілік және келісім кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалының төрағасы Еспағамбетов Келдібай Еспағамбетұлының, «КазТеплоЭнергоМонтаж» толық серіктестігінің директоры Исмагулов Алмас Қайрекенұлының және қаламыздағы жас маман Сарин Есет Жексенбайұлының баяндамалары тыңдалды.