Ақтөбе қаласы тұрғындарының назарына!

Ақтөбе қаласы тұрғындарының назарына!
13.11.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласының әкімдігі алқабиге кандидаттар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 «Алқабилер туралы» Заңына сәйкес сайлаушылар тізімі негізінде кездейсоқ таңдау әдісімен Ақтөбе қаласы бойынша 2020 жылға арналған алқабиге кандидаттардың алдын-ала бастапқы тізімі жасалды.

Аталмыш тізім Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 мекен-жайындағы Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатындағы холлда орналастырылған.

Қала тұрғындарын 2019 жылдың 13-19 қараша айы аралығында сағат  09.00-ден 18.30-ға дейін алқабиге кандидаттардың алдын-ала бастапқы тізімімен танысуға шақырамыз.

Анықтама  телефоны: 41-63-56