Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары К. Айдарханова көпбалалы аналарды құттықтады

 Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары К. Айдарханова көпбалалы аналарды құттықтады
15.05.2018 Жалпы

Бүгін Халықаралық отбасы күні мерекесі аясында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршин Айдарханова көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» үкіметтік наградаларымен марапаттады.   

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлықтарына сәйкес, Ақтөбе қаласы бойынша көпбалалы аналар Мемлекеттік награда  «Алтын алқа» және  «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды. 

7 баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген «Алтын алқа» белгісінің иегерлері:

1    Абуова Гулдаурен Аманжоловна  (1982 ж.т.)
2    Асанова Эльмира Абдигалиевна (1981 ж.т.)
3    Аяпбергенова Зада (1941 ж.т.)
4    Избасар Меруерт Максутовна  (1980 ж.т.)

6 баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген «Күміс алқа» белгісінің иегерлері:

1    Ажниязова Гулмира  Темірханқызы  (1978 ж.т.)
2    Айжанова Дана Бакыткалиевна  (1983 ж.т.)
3    Базарбай Бибігүл Қанатқалиқызы  (1983 ж.т.)
4    Калел Бибигүл Маратқызы  (1982 ж.т.)
5    Каскырбаева  Мейрамкул Кабыловна  (1975 ж.т.)
6    Кульбатырова Жанагул Кенжегалиевна  (1979 ж.т.)
7    Нуржанова Камшат Каниевна  (1985 ж.т.)
8    Павловец Гулшара Кареловна  (1974 ж.т.)
9    Садыкова Гулсим Муханбеткуловна  (1974 ж.т.)
10    Саркулова Ботагоз Табылдиевна   (1979 ж.т.)
11    Туманова Гулзада  Базарбаевна   (1982  ж.т.)
12    Турдалина  Ирина  Юрьевна  (1976 ж.т.)
13    Хайруллина  Гүлмира  Жеңісқызы  (1986  ж.т.)
14    Шукебаева Женисгул Сарсенбаевна  (1975 ж.т.)

Күлпаршин Айдарханова көпбалалы аналарды Халықаралық отбасы күні мерекемен, алған наградаларымен шын жүректен құттықтап, шын ниетпен зор денсаулық, отбасылық бақыт және үлкен жетістіктер тіледі. 

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін - жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі екен.

Құрметті аналар, Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!,- ол дейді.

Әрбір әйел құттықтаулармен қоса отбасылық дастарханына мерекелік сыйлықтар мен гүлдер алды.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 7 890 көпбалалы аналар тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1263, «Күміс алқа» иегерлері – 1638, «Батыр ана» - 269, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі –310,   төрт және одан да көп балалылар – 4410.