Ақтөбе қаласы әкімдігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын тіркеу бойынша жиналыс өтті
31.10.2019 Мемлекеттік басқарма

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Тұрғамбековтың төрағалығымен Ақтөбе облысының Әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Жанна Сабырбаеваның және қалалық мәслихат, мемлекеттік органдардың мамандарының  қатысуымен Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді және оларды кейіннен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру мәселелері жөнінде отырыс өткізілді.

Отырыс нәтижесінде жауапты мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді қабылдау барысында Қазақстан Республикасы Заңнамасының  талаптарын қатаң сақтау ескертіліп, құқықтық мониторингтің нәтижесі бойынша уақтылы шаралар алынуы тапсырылды.