Ақтөбе қаласы әкімдігі ашық аукцион өткізді
30.12.2019 Жалпы

Бүгін, 30 желтоқсан күні аукционға көлемі 5,5 га құрайтын, бастапқы бағасы 2,3 млн теңге болатын 20 жер учаскесі шығарылды.

Биылғы 12-ші аукционға қатысуға 50-ден астам адам ниет білдірді. Шара ашық, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

Жер учаскелері дүкен, павильон, аялдама, ғимарат салуға бір жылға беріледі. Жер учаскесі нысаналы мақсатына сай игерілген соң жер пайдаланушы кадастрлық құнын төлеп, жалдау мерзімін ұзартып немесе жеке меншікке сатып алуға құқылы.