Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастар бөлімі хабарлайды!
10.07.2020 Жалпы

Қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтардан «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты бойынша 2020 жылдың 13 мен 17 шілде айы аралығында қосымша өтініштер қабылданатындығын хабарлайды. Тұрғын сатып алу құқығымен 20 жылға беріледі.

Қазіргі уақытта «Нұр Ақтөбе» ауданы 200 үй мекен-жайынан  төменде көрсетілгендей 76 бос пәтерлер бар:

1- бөлмелі пәтер -73 дана (36-40,4 ш.м.,);

2-бөлмелі пәтер - 2 дана (53,8 ш.м.);  

3-бөлмелі пәтер - 1 дана (69,2 ш.м.);

Жалдау ақысы 1 шаршы метрі үшін 752 теңге.

Сонымен қатар,  Қонаев көшесі 3В үй мекен-жайынан 2 пәтер:

1 бөлмелі пәтер - 2 дана (40,30-42,40 ш.м.);  

Жалдау ақысы 1 шаршы метрі үшін 918 теңге.

Бағдарламаға тек жергілікті атқарушы органда: Көп балалы отбасылар; Толық емес отбасылар; 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; жетім балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттары бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады.

Кезекте тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу үшін Zhilfond_kik@mail.ru электрондық поштасына алатын үйдің мекен-жайын және бөлме санын көрсетіп өтініш жіберуі қажет.

Бағдарламаға қатысушы азаматтардан өтініштерінде байланыс телефондарын көрсетулері сұралады.

Ескерту, аталған бағдарламаға өтініштер қабылданғаннан кейін үміткерлердің координаттары Қазақстан Ипотекалық компаниясына төлем қабілеттіліктерін бағалау үшін тікелей жолданып отыратын болады.