АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ
08.01.2021 Жалпы

Ақтөбе қаласының әкімдігі стационарлық емес сауда объектілерін Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы №3930 қаулысымен бекітілген орындарға орналастыруға конкурс жариялайды («Ақтөбе» және «Ақтөбе Вестник» газеттерінде 2020 жылғы 27 қазанда №119 жарияланған).

Өтініштерді қабылдау: 2021 жылғы 14 қаңтар - 12 ақпан аралығы.
Қатысуға өтінімтер Ақтөбе қаласы Алтынсарин 2, 2 қабат 43 кабинет мекен-жайында қабылданады, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 41-63-97. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2021 жылғы                           12 ақпанда сағат 18:00-ге дейін қабылданады. 
Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде http://akt.gov.kz// ресми сайтында жарияланған, сонымен қатар, талап бойынша қатысушыға қолма қол ұсынылады.
Конкурсқа жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. 
Қатысушы өзінің өтінімін өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін өзгертеді немесе қайтарып алады. 
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және жіберушілерге қайтарылады.
Конкурстың нәтижелері конкурстық комиссияның отырысынан кейін 10 жұмыс күн ішінде http://akt.gov.kz// ресми сайтында жарияланады.  

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кәсіпорынның мөрімен расталған өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;
5) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
6) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті бланк

Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурстық құжаттамасы