АӘК ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
27.12.2019 Жалпы

Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен жиында атаулы әлеуметтік көмектің төлену тәртібі түсіндірілді. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың фамилиясының алғашқы әріпі бойынша қабылдау жүргізіледі:

А, Ә (әрпі) – 5-7 қаңтар;
Б, В (әрпі) – 8-9 қаңтар;
Д, Г, Ғ (әрпі) – 10-11 қаңтар;
Е (әрпі) – 12 қаңтар;
Ж, З (әрпі) – 13 қаңтар;
И, І, Й (әрпі) – 14 қаңтар;
К, Қ (әрпі) – 15-16 қаңтар;
Л, М (әрпі) – 17-18 қаңтар;
Н, О, Ө (әрпі) – 19 қаңтар;
Р, П (әрпі) – 20 қаңтар;
С, Т (әрпі) – 21-23 қаңтар;
У, Ү, Ұ (әрпі) – 24 қаңтар;
Ф, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ы, Э, Ю, Я (әрпі) – 25 қаңтар.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша туындаған сұрақтарға мамандар 4 пунктте қабылдайды, жауап береді:

1. Халықты жұмыспен қамту орталығы (Ш. Уәлиханова көшесі, 12А)

2. Халықтық кеңсенің 1 қабатында (Сәңкібай батыр даңғылы, 249);

3. Ақтөбе қаласының Алматы ауданы әкімдігі (Қарғалы, ЕХРО ғимараты);

4. Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімдігі (Сәңкібай батыр даңғылы, 145Б);  

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы, сағат 9.00-18:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-14:00.
   
Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларына тағайындалады.

1. Ең негізгісі, отбасындағы еңбек етуге қабілеті бар адамның бәрі ұсынылған жұмыстан бас тартпай, жұмыс істеулері керек. Ал жұмыстан бас тартқан жағдайда өзі де, бала-шағасы да атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды.

2. Ерлі-зайыптылардың біреуі сәбиі 3 жасқа толғанға дейін бала күтімімен үйде отыра алады.

3. Шартсыз ақшалай көмек 3 айға, шартты ақшалай көмек 6 айға тағайындалатын болады.

4. Отбасының әр мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек төленуі үшін отбасы табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашық есептеледі.

5. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгілерге балаларға арналған азық-түлік, гигиеналық құралдар қаралады.