«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» туралы ақпарат

«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» туралы ақпарат
04.02.2019 Жалпы

Ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру мақсатында әзірленді.

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруда келесідей банктер белсенді түрде жұмыс жасауда:Қазақстанның халық банкі, Центр кредит банк, RBK Банк, АТФ Банк, Евразийский банк, Цесна банк, Форте Банк, Сбербанк России.

2019 жылдың 1 апанына сәйкес Бағдарлама аясында біздің облысымызда екінші деңгейлі банктермен 3079,0 млн. тенге сомасынанесие алу бойынша 364 өтініші қабылданды, оның ішінде 1776,0 млн.тенгеге 216 өтініш мақұлданды. «ЦентрКредит Банкі» АҚ несие беруден екінші деңгейлі банктердің арасында көш (67 %) бастап тұр. Бүгінгі күні аталған банк бойынша өтініштер ең көп қабылданған.

Аталған бағыт бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Ақтөбе қаласы бойынша 25 құрылыс компаниялары коммерциялық тұрғыда көпқабатты тұрғын үй құрылысын салумен айналысады. Негізгі құрылыс жұмыстары қаланың «Батыс» тұрғын үй алабында жүргізіліп жатыр.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 140 000 – 160 000 теңге көлемінде және коммерциалық тұрғын үйлердің қабатына қарай 1 шаршы метр бағасы есептелінеді.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының басты талаптары: бағдарламаға қатысу барысында жеке меншіктеріне тиесілі тұрғын үйінің болмауы, таңдаған тұрғын үйдің көлеміне сәйкес төлем қабілеттілігін растау, тұрғын үйдің жалпы құнынан 20 % мөлшерінде бастапқы жарнасының болуы.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізілді. «Нұр Ақтөбе» ауданында салынған тұрғын үйлер бұрын тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылатын болса, қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама аясында салынған аталған тұрғын үйлерді  «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алуға болады. Аталған тұрғын үйлер таза әрлеуде берілуде, 1 шаршы метрі 120 000 теңге. Қазіргі таңда өткізілетін 171 пәтер бар. Сатып алушының пәтерлерді таңдап алу мүмкіншілігі бар.  Пәтерлердің алаңына байланысты орташа бағасы 3 804 000 бастап 8 688 000 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың ақпан айының басында жаңа 15 тұрғын үй ол дегеніміз 1524 пәтердің  50 % Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы және 50 % жаңа  «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өткізілетін болады.

«Нұр Ақтөбе» ауданында орналасқан пәтерлерді сатып алушылар Алтынсарин көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне немесе Сәңкібай батыр даңғылы, 249 мекенжайында орналасқан «Баспана» АҚ-мы ақпараттандыру орталығына жолыға алады.