40 КОМАНДА БАС ҚОСТЫ
05.01.2020 Мәдениет және спорт

Бүгін Ақтөбе қаласы әкімінің жүлдесі үшін шағын футболдан және қар үстіндегі футболдан өткен турнир осылай аталды. Шаһар басшысы Мавр Абдуллин ойының ашылу салтанатына қатысып, футболшы балаларға сәттілік тіледі. «Дені саудың, жаны сау. Спорт пен өнер адамның серігі болуы тиіс. Бұл жарыс жастар арасында футболды, достықты, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етеді. Спортшы балаларға зор жетістіктер тілеймін», — деді қала әкімі.

Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі ұйымдастырған ашық турнирге Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Қазалы, Қостанай, Түркістан қалаларынан және Ырғыз, Мұғалжар аудандарынан 40-тан астам команда қатысуда.