4 маусымнан бастап мектепке дейінгі ұйымға жолдама беруді бастайды

4 маусымнан бастап мектепке дейінгі ұйымға жолдама беруді бастайды
29.05.2018 Жалпы

Құрметті қала тұрғындары!

Ақтөбе қаласының білім бөлімі 2018 жылғы 4 маусымнан бастап мектепке дейінгі ұйымға 2015 жылы кезекке тұрған балаларға жолдама беруді бастайды. Барлығы 5000 жолдама беру жоспарланды.

І. Құжаттар «Халықтық кеңсе» ғимаратында (Сәңкібай батыр, 249) сағат 9.00-18.00-ге дейін, 12.30-14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен қабылданады.

Шақырылады:

4 маусым - балалары мектеп алды даярлық жасына жеткен балалардың ата-аналары (2012, 2013 жылы туылған, (5 жас), кезекке тұрған уақытына қарамастан).

5 маусым - 2014 жылы туылған балалар, егер кезегі кеш тіркелсе, бос орынның болуына қарай орналастырылады.

6 маусым – кезектен тыс әскери қызметкерлердің балалары, 3 жасқа толғандар;

7 маусым – бірінші кезектегі ата-аналардың балалары, (І, ІІ топ мүгедектері, көп балалы отбасы), 3 жасқа толғандар;

8 маусым - ата-аналар 2015 жылғы қаңтар, ақпан айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге;

11 маусым - ата-аналар 2015 жылғы наурыз айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге;

12 маусым - ата-аналар 2015 жылғы сәуір айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге;

13 маусым - ата-аналар 2015 жылғы мамыр айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге;

14 маусым - ата-аналар 2015 жылғы маусым айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге;

15 маусым - ата-аналар 2015 жылғы шілде айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге;

18 маусым - ата-аналар 2015 жылғы тамыз айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге;

19 маусым - ата-аналар 2015 жылғы қырқүйек айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге;

20 маусым - ата-аналар 2015 жылғы қазан айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге, балалары 3 жасқа толғандар;

21 маусым - ата-аналар 2015 жылғы қараша айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге, балалары 3 жасқа толғандар;

22 маусым - ата-аналар 2015 жылғы желтоқсан айында алынған тіркеу туралы хабарлама қағазымен (уведомление) бірге, балалары 3 жасқа толғандар;

25, 26, 27 маусым – белгілі себептермен уақытында келе алмаған ата-аналар 2015 жылғы жазбаша хабарландыру қағазымен (уведомление) бірге және жеңілдік санатындағы 3 жасқа толған балалардың ата-аналары шақырылады.

 

Өздерімен бірге төмендегі құжаттарды ала келулері керек:

Міндетті:

1. кезекке қою туралы хабарлама (түпнұсқа-оригинал);

2. жеке тұлғаны растайтын құжат (түпнұсқа және көшірмесі);

3. баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірмесі);

Қосымша:

Жеңілдікті дәлелдейтін құжат (мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте жолдама алу үшін)

1. ата-ананың мүгедектігін растайтын анықтама (түпнұсқа және көшірмесі)

2. әскери қызмет мәртебесін растайтын анықтама (түпнұсқа)

3. көпбалалы жанұя мәртебесін растайтын анықтама (түпнұсқа және көшірмесі)

ІІ. Сонымен қатар егер баланың жасы 3-ке толған, бірақ балабақша кезектілігі кеш қойылған болса, мемлекеттік тапсырыс негізінде ашылған жеке балабақшаларға ата-аналардың жазбаша өтініші бойынша жолдама беріледі. (Ескерту: мемлекеттік тапсырыс негізінде ашылған жеке балабақшаға жолдама берілген жағдайда бала кезектен автоматты түрде алынады).

Ақтөбе қаласында 51 мемлекеттік балабақша, (оның ішінде 5 бөбекжай балабақша, 2 арнаулы коррекциялық мектепке дейінгі ұйым және 1 санаторлы түрдегі ясли-балабақша), 1 мектеп-балабақша, 86 жеке балабақша және мектеп жанында 9 шағын орталық, жалпы алғанда 148 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды.

 

Мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасайтын жеке балабақшалар, шағын орталықтар және олардың орналасу картасы: