20-желтоқсан күні Ақтөбе бас шыршасының шамдары жарықтандырды

20 декабря в Актобе зажгли  главную елку города
21.12.2017 Қоғам

20-желтоқсан күні кешкі сағат 19.30-да Абай даңғылында Ақтөбе облысының әкімдігінің алдында қаланың бас шыршасы жарықтандырды. 30 метрлік жасыл сұлу жарқыраған керемет шамдармен безендірілген. 

1

 

Шыршаның түнгі-жарық безендіруі үшін жалпы 1,1 км 38 гирлянда пайдаланылды. Жарықдиодты түнгі жарықтандыру басқарушысы жазылған қомпьютерлік бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Шырша ою-өрнекпен және шарлармен безендірілген.  

 

1

 

Шыршаның қасында жиналған Аяз атамен Ақшақар, ертегі кейіпкерлер, қөптеген қала тұрғындары жасыл сұлулықтың түрлі-түсті шамдарын тамашалауға және мерекелік сиқырлы театр рәсіміне қатысып концерттік бағдарламаны көруге мүмкіндік болды.

 

1

 

Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада Ақтөбе облыс әкімі Б.Сапарбаев және қала әкімі І.Испанов қатысты. «Мен қазақпын» республикалық тележобаның жеңімпазы Ардақ Елеусіз және танымал спортшы, самбо, дзюдо, әмбебап күрестен Қазақстанның, Азия және әлемдегі бірнеше дүркін чемпионы Райса Байлиева шыршаны жарықтандырды. 
Бас шыршамен бірге Тұңғыш Президент атындағы саябақта 18 метрлік шыршаның шамдары жарықтандырылды. Тағы 12 метрлік шыршалар Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі ғашықтар алаңында және қала әкімдіктің алаңында орнатылады. 
Кәсіпорындар мен ұйымдар, білім беру мекемелері, саябақтар, мәдениет мекемелері, сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, кафелер мен мейрамханалар, каланың және ауылдық округтердегі басқа кәсіпкерлік нысандар көптеген шыршаларды орнатылады.
Осының барлығы, және көшелер мен аудандардың, көпірлердің, тұрғын үй ғимараттарының, бизнес нысандардың фасадтарында сәндік жарықтандыру алдағы және көптен күткен мереке қарсаңында мерекелік көңіл-күй қалыптастырады.  
Қысқы сырғанау үшін мектептерде де, жаппай дем алу орындарында да 50-ден астам мұз айдыны құйылады. ҚР Тұңғыш Президентінің атындағы саябақта, А.Пушкин атындағы саябақта және басқаларда мұз айдындар құйылды.