16 сәуір күні «Халықтық кеңсе» ғимаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтеді

16 сәуір күні «Халықтық кеңсе» ғимаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі  өтеді
13.04.2018 Мемлекеттік қызметтер

2018 жылдың 16 сәуір күні сағат 14-00 -де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салалары бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарының, сонымен бірге Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Аталған жәрмеңке, электрондық мемлекеттік қызметтерді өзектендіру және қызмет көрсету тәртібін, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы және «Электрондық үкімет» веб-порталдың көмегімен қызметтерді рәсімдеу артықшылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылуда.

Өткізу орны және уақыты: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 249 үй мекен-жайында орналасқан «Халықтық кеңсе» ғимараты (16.04.2018 ж. 14-00 де)