16 наурызда Ақтөбеде кезекті жер аукционы өтеді

16 наурызда Ақтөбеде кезекті жер аукционы өтеді
03.03.2018 Экономика және кәсіпкерлік

Жер қатынастары саласында ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, Ақтөбе қаласында аукцион арқылы өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскелері 3 жылға жалға берілді.

Ақтөбе қ. әкімдігі 16 наурызда сағат 11.00-де мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде Ақтөбеде және қала маңында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 8 жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізеді.

Аукцион арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізіміне аурухананы, өндірістік базаны, өндірістік  кешенін, ТҚС және жанармай құю станциясын, "Сити борд" форматындағы жарнама құрылысын, "Mupi" форматындағы жарнамалық құрылымды, LED экранды орналастыру және қызмет көрсету кіреді.

Жалпы жер учаскелерінің көлемі 1,7га құрайды. Бастапқы құны 2,089 млн.теңге.
Аукцион қатысуға өтініштер Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2, 2 қабат, 50 кабинет қабылданады, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 41-72-83.

Аукционға ұсынылған жер учаскелерінің тізімі.(жүктеу)