16 мәселе қаралды
23.11.2020 Жалпы

Қала әкімі Асхат Шахаровтың және қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасованың қатысуымен мәслихаттың кезектен тыс 60-шы сессиясы өтті. 16 мәселе қаралды.
Негізінен депутаттар қала аумағының дамуына қатысты сұрақтарға маңыз қойды. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 412 «Ақтөбе қаласының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы  Амангүл Уристемова баяндады.
Сондай-ақ депутаттар қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №503 «2020 - 2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі мәселені талқылады.
«Қазір сіз бен біз бюджет қаражатының әрбір тиынына жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бюджет қаражаты қалаға пайдалы, әрі тиімді жобаларға жұмсалуы тиіс. Үнемдеу арқылы халықтың мұқтажына қажетті жобаларды қолдауымыз керек», - деді қала әкімі Ashat Shaharov.
Айта кету керек,алдағы үш жылдың бюджеті бекітілетін мәслихат сессиясы желтоқсан айына жоспарланып отыр.