16 ақпанында Ақтөбеде жер учаскелерін жалға беру бойынша кезекті аукцион өтеді

16 февраля в Актобе состоится очередной земельный аукцион
02.02.2018 Жалпы

Жер қатынастары саласында ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, Ақтөбе қаласында аукцион арқылы өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскелері 3 жылға жалға берілді.

Өткен жылы аукцион арқылы 379,41 млн теңгеге жалпы көлемі 57,2 га 99 жер учаскесі сатылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. 

Осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылда жалғасуда. 

Ақтөбе қ. әкімдігі 2018 жылдың 26 қаңтарында мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде Ақтөбеде және қала маңында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 8 жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізді.

Аукцион арқылы жалға берілген жер учаскелерінің тізіміне кемпинг, мал бордақылау алаңын, сауда павильонын, сити борд (3*4) форматындағы жарнамалық құрылым, "Mupi" форматындағы жарнамалық құрылым, өндірістік база және автогаз құю бекетін орналастыру және қызмет көрсету кіреді.

Жалпы жер учаскелерінің көлемі 2,6 га құрайды. Бастапқы құны 1,1 млн.теңге.

Аукцион қорытындысы бойынша барлық 8 жер учаскелері 13,4 млн.теңгеге сатылды.

Ақтөбе қ. әкімдігі 2018 жылдың 16 ақпанында мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде Ақтөбеде және қала маңында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 8 жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізеді.

Аукцион арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізіміне демалыс базасын (жағажай), сауықтыру кешенін, көп қабатты тұрғын үй, дәрігерлік амбулатория және автоқызмет кешенін орналастыру және қызмет көрсету кіреді.

Жалпы жер учаскелерінің көлемі 4,6 га құрайды. Бастапқы құны 5,8 млн.теңге.

Жер учаскелері 3 жылға жалға беріледі.

Аукцион қатысуға өтініштер мына мекен жайда қабылданады: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2, 2 қабат, 45 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 41-72-83.