12 сәуір - Ғарышкерлер күні

12 сәуір - Ғарышкерлер күні
12.04.2019 Жалпы

12 сәуір – Адамзаттың ғарышты бағындырған күні. Сондықтан, 1968 жылдан бастап Халықаралық авиация федерациясы 12 сәуірді Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні деп бекітті.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 12 сәуірді - Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп жариялады.Алғашқы тарихи сәт киелі қазақ жерінде - Байқоңыр ғарыш айлағында тіркелгендіктен, осынау атаулы күннің Қазақстан үшін маңызы зор.

Елімізде ғарышты игеруге қатысты жүргізіліп жатқан ауқымды жобалардың арқасында қазақ халқынан да Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов секілді ғарышкерлер шығып, есімдері Қазақстан тарихы беттеріне алтын әріптермен жазылды.