12 әскери қызметші ақтөбеліктер мереке күні баспаналы болды

12 әскери қызметші ақтөбеліктер мереке күні баспаналы болды
01.12.2018 Жалпы

Бүгін 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімшелерінің 12 әскери қызметшіге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында орналасқан коттедждердің кілттерін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов салтанатты түрде үй иелеріне табыстады.
Қарашолақовтар отбасы бұл күнді ұзақ күтті. 17 жыл пәтерден пәтерге көшіп жүрген бес баланың әкесінің үй кілтін алғандағы қуанышты жасын көргенде, толқымай қалу мүмкін емес еді.
Аталған бағдарлама аясында әскери қызметшілер баспананы сатып алу құқығымен жалға алады, ай сайынғы төлемақылар ҚР Қорғаныс Министрлігінен қарастырылған тұрғын үй төлемдерінің есебінен өтелетін болады.