Уристемова Амангүл Сәдуақасқызы

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы
Азаматтарды қабылдау кестесі
Ахтанов көшесі, 50
Жұма 15.00-18.00
Уристемова Амангүл Сәдуақасқызы

А.С.Уристемова 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит біліктілігі бойынша, Ақтөбе құрылыс-монтаждық колледжін үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану біліктілігі бойынша аяқтаған.

Мұғалжар ауданының ІІБ-нің хатшысы, «Мұғалжар ауданының құрылысы бөлімі» ММ жетекші маманы, бас маманы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс жасады.