Юнисова Алтынай Юнисқызы

"Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"ММ басшысы
Азаматтарды қабылдау кестесі
Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31
сәрсенбі сағат 16.00, бейсенбі 16.00-18.00
Юнисова Алтынай Юнисқызы

1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін мәдени-тынығу жұмысының ұйымдастырушы әдістемеші біліктілігі бойынша, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі біліктілігі бойынша аяқтаған.
Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясының дикторы, аға редакторы, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы үйінің методисті, Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Ақтөбе қаласының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының бөлім меңгерушісі, Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы болып жұмыс атқарды.