Әуелбаев Әділкерей Сағидуллаұлы

Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі
Азаматтарды қабылдау кестесі
Қарғалы ауылы, 60 лет Октября, 70 Б көшесі
Әр бейсенбі сайын сағат 15.00 ден бастап
 Әуелбаев Адилкерей Сагидуллаевич

Ә.С.ӘУЕЛБАЕВ 1964 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы зооветеринарлық институтын ветеринар дәрігері, Мәскеу заманауи гуманитарлық институтын заңгер, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін экономист біліктіліктері бойынша аяқтаған.

Ұлттық ғылыми академиясының экспериментальді биология институтының аспирант-аға лаборанты, «Ай Мак» ЖШС бас маманы, директорының орынбасары, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Қандыағаш қаласының әкімі, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысындағы Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу департаменті директорының орынбасары, «Батыс Мұнай» ЖШС әкімшілік департаментінің директоры, «Ақпан» ЖШС бас директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ басшысы болып жұмыс атқарды.