Тоқболатов Мұрат Тұрарұлы

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшысы
Азаматтарды қабылдау кестесі
Ақтөбе қ., Жаңақоныс а., Хамит Ерғалиев көшесі, 3
сейсенбі-бейсенбі, Сағ.15-00 -ден 18-00 дейін.
Тоқболатов Мұрат Тұрарұлы

Тукбулатов Мурат Турарұлы 1965 жылдың 8  маусым айында  Ақтөбе облысы, Ленин ауданы, Алимбетовка ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Ақтөбе облысының Новороссийский ауданындағы Новотроицк орта мектебінде   10 класты бітірген. 1983 жылдың қазан айынан 1985 жылдың қараша айы аралығында КСРО қарулы күштер қатарында жедел әскери қызметін өткерген. 1989 жылы Батыс-Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1989 жылдан 1998 жылдар аралығында Хромтау ауданындағы «Новотроицкий» совхозында агроном-көкөніс өсіруші, трактор-егіс бригадасының бригадирі, агроном-тұқым өсіруші, комсомол комитетінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс атқарған. 2002 жылдың тамыз айынан бастап 2011 жылдың сәуір айына дейін Ақтөбе облысының облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім бастығы қызметін атқарған. 2014 жылдың ақпан айынан және қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маман, бөлім орынбасары, бөлім басшысы қызметін атқаруда..